ТҮРКІСТАН: Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

0
755

Сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметін атқарған.


ТҮРКІСТАН: Созақ ауданына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданының әкімі болып Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы тағайындалды. Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына арнайы барып, жергілікті мәслихатқа аудан әкімдігіне үміткер азаматтың кандидатурасын ұсынып, ол бірауыздан қолдау тапты. Өңір басшысы бұған дейін ауданды басқарып, құрмет демалысына шыққан Салыхан Полатовтың елге сіңірген еңбегін атап өтіп, атқарған жұмыстары үшін ризашылығын білдірді. Жаңа әкімге нақты міндеттер жүктеп, ел сенімін ақтауды тапсырды.


«Ең бірінші мәселе – аудан тұрғындарын жұмыспен қамту. Осы бағытта жұмыс күшеюі тиіс. Ауыл шарушылығына инвестиция мен озық технология тартуды жалғастыру керек. Үшіншіден, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру да маңызды. Аудандағы үлкен сауда орындарының басшыларымен, кәсіпкерлермен тиісті жұмыс жүргізілгені жөн. Созақ ауданын газдандыру жұмыстары да қарқын алуы тиіс. Бұл бойынша жұмыстар басталған, сол жобаларды соңына дейін жеткізу – міндет», – деді Өмірзақ Естайұлы.


Атап өтсек, Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы 1967 жылғы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы және шетел тілін меңгерген халықаралық экономикалық қатынастар маманы.


Еңбек жолында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитеті кадрлық жұмыс бөлімі және талдау, бақылау және қаржыны жайғастыру жөніндегі басқармасында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан департаментінің басшысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының әкімі, «Қуат жылу орталық-3» МКК-нің директоры, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.