12 көше жөнделген.
Созақ ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы іске асырылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Созақ ауданында өткен жылы 25,5 шақырымды құрайтын аудан елді мекендерінің 20 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 шақырымды құрайтын 7 көше жөнделді. 12 шақырым жол жергілікті бюджет есебінен жөнеуден өтті.
Атап айтсақ, Шолаққорған ауылының 8 шақырымнан асатын 8 көшесіне асфальт төселген. Созақ ауылының 3 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Сонымен қатар, Таукент кенті мен Қаратау, Құмкент, Қарағұр елді мекендерінің ішкі жолдары орташа жөндеуден өтті. Одан бөлек, Абай, Қозмалдақ, Аққолтық елді мекенінің ішкі жолдары жөнделді.
Биыл жалпы 30 шақырымды құрайтын 25 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 12 шақырымды құрайтын 9 көшенің жолы жөнделсе, тағы 20 көшеге жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет қаржысына жөнделмек.
Айта кетейік, Созақ ауданында 973 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары бар. Оның 435 шақырымы облыстық, 80 шақырымы аудандық маңызы бар жол. Елді мекендердің ішкі жолдары – 458 шақырым.