​ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында күннен қуат алатын электр станциясының қазығы қағылды

0
1 220

Жобаға мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 125 гектар жер телімі берілді.


​ТҮРКІСТАН: Созақ ауданында күннен қуат алатын электр станциясының қазығы қағылды

Бүгін Созақ ауданында күннен электр энергиясын өндіретін жобаның алғашқы қазығы қағылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қуаты 50 МВт өндіретін «Күн электр станциясының құрылысы» жобасын «ЮКСЭС 50» ЖШС қолға алып отыр. Күннен қуат алатын электр энергиясыны жобасының қазығын қағу рәсіміне Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров, «Risen Energy» компаниясының бас менеджері Чампион Юань қатысып, сөз сөйледі.

«Бүгінде қауіпсіз энергия көздерін дамыту еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін Үкімет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Осы орайда Созақ ауданында энергетикалық кешенді дамыту үшін үлкен жобаны іске асырғалы отырмыз. Аталған істің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 100-ге тарта адам тартылады», - деді аудан әкімі.

Айта кету керек, жаңа жоба - шын мәнінде атап айтуға тұрарлық айрықша құнды бастама. 60 миллион доллар құрайтын жобаны еліміздің «ЮКСЭС 50» ЖШС жүзге асырады. Жобаға гонконгтық «Risen Energy» компаниясы инвестиция салып отыр.

Бүгінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 125 гектар жер телімі берілді. Станцияға осы заманғы озық үлгідегі құрал-жабдықтары қойылады. Нысан келер жылдың басында пайдалануға беріледі. Жоба толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде тұрақты 30 жұмыс орны ашылады.