ТҮРКІСТАН: ​Созақта ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі өтті

0
1 797

«Алтын күз» мерекесінде аудан әкімі үздік ауыл округтерімен, шаруа қожалықтарды марапаттады. ​


ТҮРКІСТАН: ​Созақта ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі өтті

Бүгін аудан орталығы «Даңқ» саяжолында «Алтын күз» ауыл шаруашылығы саласын қорытындылаған жиыны ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның аясында арзан бағада азық түлік өнімдерінің жәрмеңкесі, асыл тұқымды мал басының көрмесі, қол өнер шеберлері мен, ауылшаруашылық техникаларының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. Үздік өнім алған шаруа қожалықтарымен ауыл окуг әкімдіктері, үздік ауыл шаруашылық мамандары марапатталды. Аудан тұрғындарына шаруалар арзандатылған бағадағы өз өнімдерін ұсынды.

Мерекелік шарада барша аудан әкімі аудан тұрғындарын берекелі де, мерекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, үздік ауыл округтерімен, шаруа қожалықтарын марапаттады.

«ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұ¬ранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар»- деп атап өткендей, алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алдында өнім көлемін арттыру, табиғи өнімді ұлғайты секілді үлкен міндет тұр. Оған елдің бірлігі, халықтың ынтымағы және көпшіліктің қажырлы қызметнің арқасында жетеміз деп сенемін»,- деді аудан әкімі Салыхан Полатов.

Ауыл шаруашылығы бойынша табысты көрсеткішке қол жеткізген Қарақұр ауыл округ әкімдігімен (ауыл әкімі Жәмиев Ордабек) Шолаққорған ауыл округ әкімдігі (ауыл әкімі Елібаев Әділ) 3 орын, Созақ ауыл округ әкімдігі (ауыл әкімі Аяпов Батыр) 2 орынмен марапатталады. 1-ші орын алған Сызған ауыл округ әкімдігі (ауыл әкімі Маманов Серік) аудан әкімінің алғыс хатын алды. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген озат шаруалар да аудан әкімінің алғыс хатының иегері болып, сый сияпат табысталды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Байғараев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары А. Мұсабеков құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар азаматтарға алғыс хат табыс етті.

Жалпы теріскейлік шаруалар жиын терім маусымын жоғары аяқтады. Көршілес Ресей мемлекетіне қауын қарбыз экспорттады. Мемлекеттік бағдарламалар жоспарға сай орындалуда. 300 га суармалы жерді айналымға қосу межесі белгіленіп, ол толықтай орындалды. 9 айында ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 7 666,4 млн.теңге болып, яғни өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 288,6 млн теңгеге артып, 103,9 % артық орындалды. Нақты көлем индексі 101,8 % құрады.
Ауыл шарушылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция 23 млн.теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 114 % артық.

Жиын соңы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қойған концерттік бағдарламасына ұласты.