ТҮРКІСТАН: Созақта футбол және балалар алаңы ашылды

0
2 354

Екі алаңының жалпы аумағы – 1800 шаршы метр.


ТҮРКІСТАН: Созақта футбол және балалар алаңы ашылды

Созақ ауданында балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Созақ ауданы, Балдысу елді мекенінде балалар ойын алаңшасы мен кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов пен ауыл тұрғындары қатысты.


«Бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Біз де осы бағытта аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқардық. Жыл басынан бері бірнеше спорт алаңшалары мен балалар ойын алаңы пайдалануға берілді. Осындай игі іске ұйытқы болып отырған «Катко» қазақ француз біріккен кәсіпорнына айтар алғысымыз шексіз. Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, тәнін шынықтыратын орынға айналады деп сенеміз», - деді аудан басшысы.


Сондай-ақ, ауыл ақсақалы Тоқтарбай Молдабеков ақ тілегін арнап, батасын берді. Айта кету керек, Созақ ауданы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ әлеуметтік жобаларды қолдау аясында бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде атқарып келеді. Осы уақытқа дейін аудандағы елді мекендерде «Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ қарасты кәсіпорындар бірнеше «Street Workout» және балалар ойын алаңын салды. Енді міне, кәсіпорын демеушілігімен Шолаққорған ауылына қарасты Балдысу елді мекенінде футбол және балалар ойын алаңы салынып, елдің игілігіне беріліп отыр. Футбол және балалар ойын алаңының жалпы аумағы –1800 шаршы метр.