ТҮРКІСТАН: Созақта «Жырласа жастар жырласын...» жас ақындар айтысы өтті

0
2 184

Созақта өткен жас ақындар айтысына аудан, қалалардан келген 20 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады.


ТҮРКІСТАН: Созақта «Жырласа жастар жырласын...» жас ақындар айтысы өтті

Түркістан облысының бір жылдығына орай облыстық «Жырласа жастар жырласын...» жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Мәдениет басқармасы, облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, Созақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Созақ ауданындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында өткен айтысқа өңіріміздің аудан, қалаларынан 20 үміткер қатысып, бақ сынасты.

Айтысты «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, айтыскер ақын Біржан Байтуов жүргізді.

Халқымызда киелі дәстүр саналатын айтыс өнері арқылы жас айтыскерлер еліміздің егемендігін, Елбасының жастарды қолдауға бағыттаған саясаты мен облыс орталығының бір жылдығы, даму бағытындағы атқарылған істер мен өз көзқарастары жайлы жырлап, айтыс сүйер көрерменге ерекше көңіл - күй сыйлады.
Жас жыр жауқазындарының додасына Қазақстанның Халық ақыны, Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтың және «Парасат» орденінің иегері - Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Ontustik» - телеарнасының редакторы - Атабек Мұхтар Орынтайұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, ««Түркістан сарайы» концерттік ұйымы» МКҚК директоры - Әділханов Нұрлан Ыдырысұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, айтыскер ақын - Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы, айтыскер ақын - Білдәшов Қалижан Оразханұлы қазылық етті.
Айтыста орамды ойы мен тапқырлығы арқасында оза шапқан Төлеби ауданының жас ақыны Аян Ниязбек Бас жүлдеге ие болды. Бірінші орын Арыс қаласынан Жақыпбек Нұрмаханға лайық деп танылса, екінші орынды сайрамдық Жандос Мырзабеков пен Отырар ауданының ақыны Дәурен Ақсақалов еншілесе, үшінші орынды кентаулық Ыхылас Гүлжан мен созақтық Төленбек Тұртілеу иемденді.
Сондай-ақ, «Ұлы дала» арнайы жүлдесі сарыағаштық Нұрғали Әнапияға, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының жүлдесі отырарлық Мейіржан Жақыпқа, Созақ ауданы әкімінің жүлдесі қазығұрттық Жақсыбек Ерасылға, «Мәңгілік ел» жүлдесі төлебилік Бекарыс Рахматуллаевқа табысталды.