ТҮРКІСТАН: Созақтағы екі елдімекен толықтай асфальт жолмен қамтылады

0
526

Аяқжол төселіп, жарықтандыру жұмыстары да жүргізілген.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы екі елдімекен толықтай асфальт жолмен қамтылады

Созақтағы Жартытөбе мен Аққолтық елдімекендері толық асфальт жолмен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданындағы Жартытөбе ауылының екі көшесі мен Аққолтық елдімекенінің бес көшесіне асфальт төселеді.


Сондай-ақ, ауыл округке қарасты елдімекендердің ішкі көшелері 100 пайыз асфальтпен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Жартытөбе ауыл округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.


Бабата елдімекенінде Б.Есжанов көшесі мен Жартытөбе ауылының Иманқұлұлы көшесіне аяқжол төселіп, көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілген болатын.


Сонымен қатар, тұрғындар сұранысына орай Бабата елдімекенінде «Беккери» шұңқырының құрылысы басталып, пайдалануға берілмек. Одан бөлек, Жартытөбе елдімекенінің кіші футбол алаңының газоны ауыстырылып, қоршауы 1,5 метр биіктікке көтеріледі.


Жиында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ұсыныс-пікірлерін жолдады.