ТҮРКІСТАН: Созақтық аналар алғысқа бөленді

0
560

200 көпбалалы анаға құрмет көрсету жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Созақтық аналар алғысқа бөленді

Созақ ауданының әкімі «Алғыс айту күні» аясында аналарға құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің мүшелерімен бірге «1 наурыз – Алғыс айту күні» қарсаңында аналарға құрмет көрсетті. Көпбалалы аналарға орамал мен түрлі сыйлықтар табысталды.


Айта кетсек, «Бақ Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігі аудан көлеміндегі 200 көпбалалы анаға құрмет көрсетуді жоспарлауда.