ТҮРКІСТАН: Созақтық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

0
422

Жағдай толық бақылауға алынған.


ТҮРКІСТАН: Созақтық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Созақта әкімдік және төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ауа температурасының күрт жылуы мен жауын-шашын салдарынан Созақ ауданындағы тау бөктерінде орналасқан Шолаққорған, Жартытөбе ауылдық округтерінде өзен, арықтардағы су деңгейі көтерілді. Аталған жағдайлардың салдарын жою мақсатында аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары, аудандық төтенше жағдайлар, полиция бөлімі мен сала қызметкерлері толықтай жұмылдырылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, табиғи апатты болдырмау мақсатында күшейтілген режимде жұмыстар жүріп жатыр.


Қашыртқылар мен каналдар қазылып, тұрғын үйлерге су кірудің қаупі сейіліп, ағын сулар қауіпсіз аймақтарға бұрылды. Қазіргі таңда су деңгейінен келер қауіп жоқ. Сонымен қатар аудан басшысының тапсырмасымен түнгі ауысыммен жұмыстар атқарылып, арнайы кезекшілік бекітіліп, жағдай толық бақылауға алынған.