ТҮРКІСТАН: Спортшы қыздар ел чемпионатында топ жарды

0
727

Жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді.


ТҮРКІСТАН: Спортшы қыздар ел чемпионатында топ жарды

Түркістандық балуан қыздар ел чемпионы атанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орал қаласында қазақ күресінен жасөспірім қыздар арасында Ел чемпионаты мәресіне жетті. Боз кілем көркін қыздырған 2004-2005 жылы туылған арулар бас жүлде үшін бар күш-жігерлерін ортаға салды. Батыс өңірінде өткен жас балуандар бәсекесінде Түркістан облысының бұрымдылары 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медальді еншілеп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. Дүбірлі додада Дана Айтбаева мен Құралай Саттар топ жарып, алтын алқаны мойнына ілді. Ал, Шолпан Алтынбек күміс алқаны олжалады. 4 бірдей ару қола медальді құрама қоржынына салды. Олардың қатарында: Ләззат Рахматулла, Венера Тұрсынбек, Гүлнәз Өмірбек және Балжан Сатилла бар.