ТҮРКІСТАН: Су қоймалары мен өзендер бақылауда

0
1 067

Облыста 41 су қоймасы бар.


ТҮРКІСТАН: Су қоймалары мен өзендер бақылауда

Түркістан облысы аумағында су тасқыны жағдайы қатаң бақылауға алынған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында су тасқыны жағдайы Сырдария өзенімен тікелей байланысты болғандықтан қатаң бақылауға алынған. Бүгінгі таңда өзеннің арнасында судың ағысы қалыпты, жағалаудағы елді мекендерге қауіп жоқ. Жалпы өңірдегі су айдындарына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Бұл туралы брифингте облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді.


«Облыста 41 суқойма бар. Оның ішінде, 18 суқойма - республикалық меншікте, 18-і - қала, аудандық коммуналдық меншікте, 5 суқойма - жекеменшік. Қараусыз қалған суқоймалар жоқ. Былтыр төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларының дер кезінде сапалы орындалуынан су тасқыны және су басу жағдайлары орын алмады. Мақсатымыз – биылғы көктем мезгілінде де су тасқындарын болдырмау», - деді Ерік Темірханұлы.


Көктемгі болуы мүмкін төтенше жағдайларға қажетті құралдар сақадай сай. Тасқынға қарсы 61 500 дана қап, 482 тонна инертті материалдар да дайындалған. Облыста қазіргі таңда тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін 1 218 шақырымды құрайтын 680 арық пен каналдар, 19 шақырымды құрайтын 23 дюбинг қоқыстардан тазартылған.