ТҮРКІСТАН: Су нысандарына әуеден бақылау жасалынды

0
625

Төтенше жағдай департаментінің басшыларымен кеңесіп, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын кезекті рет пысықтады.


ТҮРКІСТАН: Су нысандарына әуеден бақылау жасалынды

Түркістан облысындағы су нысандарына әуеден бақылау жасалынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағындағы су тасқынының алдын алу мақсатында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Сырдария өзені бойында орналасқан Отырар, Сауран аудандары мен Арыс қаласының аумағына аэровизуалды шолу жасады. Шолу барысында өзен бойына жақын орналасқан елдімекендер мен су нысандарының жай-күйін бақылады. Төтенше жағдай департаментінің басшыларымен кеңесіп, көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын кезекті рет пысықтады.


«Ауа райының күрт жылынғаны сезіліп жатыр. Сондықтан су қоймаларының жай-күйі қатаң бақылауда болып, кезекшілік тұрақты атқарылуы керек. Өзендер мен көлдер, арық-атыздар қадағалау да болады», – деді Д. Сатыбалды.


Тексеру нәтижелері бойынша облыстағы су қоймалардың деңгейі қалыпты жағдайда екені анықталды. Қазіргі таңда барлық су нысандарының жағдайы мен деңгейін бақылау мақсатында облыстық су тасқынына қарсы комиссия құрылған. Өңір басшысы жауаптыларға су қоймаларының деңгейі қалыпты жағдайда болса да, қауіпсіздік іс-шараларын күшейту жөнінде тапсырмалар берді.


Бұдан бөлек өңір басшысы әуеден бақылау барысында «Көксарай» су ретегішіне барып, судың деңгейін тексерді. «Көксарай» су реттегішінен тасталып жатқан 600 м3 су кедергісіз өтуде. Қазіргі таңда ауа райының жылынуына байланысты сең бұзылып, төмен қарап еріп кетуде, жағдай қалыпты.