ТҮРКІСТАН: Сын айтылған дәріханадағы жағдай бақылауға алынды

0
805

Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан айыппұл салынды.


ТҮРКІСТАН: Сын айтылған дәріханадағы жағдай бақылауға алынды

Сарыағаштағы дәріхана бақылауға алынып, иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 6 шілдесінде фейсбук әлеуметтік желісінде «Завышают цены в аптеках Сарыагаша» тақырыбымен жарияланған сыни ақпаратқа сәйкес, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің тапсырмасымен «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев бастаған аудандық мобильді топ аты аталған дәріханаға барып, дәріхана иесі мен сатушыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап өтсек, бұл топтың құрамында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысы А.Анарбаев, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалы төрағасы А.Мұсабеков, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілі, аудан әкімдігінің қызметкерлері болған.

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан тауарды чексіз сатқаны үшін дәріхана иесіне айыппұл салынды. Ал, кәсіпкерлік палатасы тарапынан ескерту жасалды. Сондай-ақ, аудандағы басқа да дәріханаларға мониторинг жүргізіліп, бағаны көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, қазіргі уақыттаға аурудың асқынуына байланысты кейбір дәріханалар тауардың үстеме бағасын шамадан тыс арттырып жібергені туралы ақпараттар тарап жатыр. Егер, сіз де осындай жағдайға куә болсаңыз, тиісті мекемелерге хабарласыңыз.