ТҮРКІСТАН: "Танымал әннің тарихы" кітабының тұсауы кесілді

0
879

Бекжігіт Сердәлінің 60 жас мерейтойына арналған кеш өтті.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан қаласында жаңа кітаптың тұсауы кесілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов өңірімізге танымал журналист, ғалым, дарынды композитор Бекжігіт Сердәлінің 60 жас мерейтойына арналған «Өмірде де, өнерде де сан қырлы...» атты кешке қатысты.

Атап айтар болсақ, табанды тілші, талантты сазгер, білікті профессор Бекжігіт Кенжебекұлы қазақ жұртына Түркістан қаласының гимніне айналған «Түркістаным – тұраным» және «Неге, неге?», «Жұбайлар жыры» атты әндерімен де және тағылымы мол, рухани байлық болып табылар бірнеше кітаптарымен де танымал.

Аталған іс-шара барысында Мұрат Серікбайұлы 60 жасқа толған мерейтой иесіне қаншама шәкірт тәрбиелеп, олардың білікті маман, тәжірибелі тұлға болып қалыптасуына үлес қосып жүргеніне алғыс айтып, шығармашылығына табыс, еңбегіне жеміс тілей отыра, шаһар басшысының құттықтауы мен сый-сияпатын тарту етті.

Сондай-ақ, сырлы кеш аясында "Танымал әннің тарихы" атты кітаптың тұсауы кесіліп, бейнероликтер көрсетіліп, шығармашыл жанның өнердегі құрдастары қатысқан брифингпен жалғасын тапты.