ТҮРКІСТАН: Тауға шықпақ болған ер адам жүрек талмасы ұстап қайтыс болды

0
1 395

Жедел жәрдем қызметкерлері тауға көтеріле алмаған.


ТҮРКІСТАН: Тауға шықпақ болған ер адам жүрек талмасы ұстап қайтыс болды

фото: иллюстрациялық

Сайрам су шатқалында демалуға келген туристің жүрек талмасы ұстап қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдай 30 маусым күні болған. Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіне қарасты Сайрам су шатқалына үш турист демалуға келген. Туристер тобы төменгі көлге көтерілген кезде 59 жастағы ер адамның жүрек ұстамасы басталады. Серіктері жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер уақытында жеткенімен тауға көтеріле алмаған.

"30 маусымда сағат 13.46-да азамат Ш. Рафиковесімді азаматтан хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы шықты. Аталған мекенжай бойынша құтқарушылар 16.26-да келіп, іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Кешкі уақыт сағат 19.13-те 1960 ж.т. ер адамның денесі табылды," - деп хабарлады Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Таудағы тәртіп ережелерін тағы да еске саламыз!
Денсаулығында диабет, жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуы сияқты мәселелері бар адамдар тауға көтерілу кезінде өздерін нашар сезінуі мүмкін. Тіпті сау адамдар да тауға барған кезде өзімен алғашқы көмек қобдишасын алу керек. Телефонда құтқару қызметінің байланыстары болуы керек. Егер найзағай басталса, міндетті түрде төмен түсу керек. Жалғыз ағаштардан аулақ болыңыз,"
- деп ескертеді Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.