ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында бюджет жоспары артығымен орындалып жатыр

0
493

Жоспар 111,6 пайызға орындалған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында бюджет жоспары артығымен орындалып жатыр

Төлеби ауданының бюджеті 5 айда 90,7 млн. теңгеге артығымен орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы әкімі Төлеген Тұртайұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Төлеби ауданы аумағындағы ішкі арық атыздардың тазалануы жөнінде «Төлеби су шаруашылығы» МКК директоры Ж.Нысанбаев баяндама жасады. Жасар Тұрашұлы өз сөзінде «Төлеби су шаруашылығы» мекемесі су тасқынының алдын –алу мақсатында аудан аумағында 262250 шақырым арықтың 116500 шақырымы тазаланғанын айтты.


Сондай-ақ, 2021 жылдың 5 айындағы аудан бюджетінің атқарылу барысын аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов хабарлады. Қазіргі кезде аудан бюджетінің жоспары 111,6 пайызға немесе 90,7 млн теңгеге жоспардан артық орындалды. Атап өтсек, төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы бойынша жоспары 235 млн 433 мың болса, нақты 234 млн 861 мыңге орындалған. Қала, ауылдық округтер кіріс жоспарын 2.5 есеге артығымен орындаған. Ал, шығыстарға келер болсақ, игеру жоспары 99.9 пайызды құрап отыр. Игерілмеген қаржы көлемі 9 млн 822 мың теңгені құрады.


Сонымен қатар, аудан басшысы жиын барысында көтерілген мәселелер бойынша хабарламашыларға сұрақтар қойып, атқарылуы қажет жұмыстарды жүйелеу қажеттігін ескертіп, тиісті бөлім және мекеме басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берді.