Құрылыс алаңында жарықтандыру бағаналары орнатылып, тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Төлеби ауданында Абай ескерткіші бар саябақ ашылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Төлеби ауданына қарасты Леңгір қаласында жүзеге асырылып жатқан игi істер күн санап артып келеді. Солардың бірі – қала тұрғындары мен қонақтарының демалысы жақсы болуы үшін бой көтеріп жатқан аллея. Аталған демалыс орны Әйтеке би көшесінің бойында салынып жатыр.
Айта кетерлік жағдай, бұл аллеяда Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның ескерткіші орнатылатын болады. Бұл бастаманың өзі қазақтың бас ақынының әр шығармасынан терең мән-мағына түсінетін тұрғындарға ұнары сөзсіз. Бүгінгі таңда аталған аллеяны аталған аллеяның құрылыс алаңында жарықтандыру бағаналары орнатылып, тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Алдағы уақытта табиғаты тамылжыған аудандағы жаңа саябақ келушілердің тынығуына, дене шынықтырып, серуендеп, бой сергітуіне қолайлы болғалы тұр. Сонымен қатар, саябақта спортпен шұғылдануға арналған құрылғылар мен балаларға арналған ойын алаңшалары да салынады. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған соң, кіреберіс жерінде арка орнатылып, саябақты көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.