ТҮРКІСТАН: Төлебиде ​аудандық бюджеттің кіріс түсімдерін ұлғайту жөнінде кезекті мәжіліс өтті

0
1 289

Жер салығы бойынша қосымша кіріс көздері 90 пайызға орындалып отыр.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде ​аудандық бюджеттің кіріс түсімдерін ұлғайту жөнінде кезекті мәжіліс өтті

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтауға арналған кезекті жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиналысқа аудандық мәслихаттың хатшысы, Төлеби аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық полицияның көші-қон бөлімінің, дербес салалық бөлімдер мен мекеме басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Өмірәлі басқарма қызметкерлерімен аудан бюджетінің түсімін ұлғайту мақсатында қосымша кіріс көздерін анықтау жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізіліп жатқанын айтты.

Б.Өмірәлінің мәліметіне сәйкес жер салығы бойынша уәкілетті органдар ұсынған ақпараттарды талдау барысында бюджетке түскен қосымша кіріс көздері бүгінгі күнге нақты түсім 24523,3 мың теңгені құрап, 90 % орындалып отыр.
Сонымен қатар, арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық есептіліктеріне талдау жұмыстары нәтижесінде 423 733,0 мың теңге салық салу айналымы анықталып, бюджетке 12 711,9 мың теңге салық түсімі түскенін атап өтті.