ТҮРКІСТАН: Төлебиде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүріп жатыр

0
466

2022 жылы 7 елдімекен табиғи газға қосылады.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүріп жатыр

Төлеби ауданында инженерлік-коммуникациялық мәселелер шешіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жолында бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауданның 48 елді мекенінде газдандыру жұмысы аяқталса, 7 елді мекен 2022 жылы табиғи газға қосылады.


Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен жолдар салу, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру мәселелері кезеңімен шешімін табуда. Мәселен, Киелітас ауылдық округі Сұлтан Рабат елді мекенінде инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, бүгінде Қазақстан көшесіне лоток салу жұмысы толық аяқталды. Ұзындығы 800 метр құны 12 млн. 947 мың теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарын мердігер «Әділ құрылыс» ЖШС жүргізді.


Сонымен қатар, Жыланбұзған көшесінің 1650 метріне аяқ жол салынып, құрылыс жұмыстарын құны мердігер «Элит Инвест» ЖШС атқарды. Жобаның құны 14 млн. 155 мың теңге. Сұлтанрабат елді мекені Желтоқсан, Сауран көшелесінің 1130 метр аумағына асфальт салынды. Асфальт төсеу жұмыстарын мердігер «Базис-К ЖШС –і» жүргізді, құны 17 млн. 199 мың теңге. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілген.