ТҮРКІСТАН: Төлебиде мәдениет үйлері көбейіп жатыр

0
567

Құрылыс жұмыстарын аяқтау қыркүйек айына жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде мәдениет үйлері көбейіп жатыр

Төлеби ауданында мәдениет үйлерінің саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мәдениет саласын дамыту бағытында Төлеби ауданында мәдениет үйлерінің саны артып келеді. Ауданда Аққұм ауылдық округі, Момынай елді мекенінде Мәдениет үйінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мәдениет ошағының құрылысы 2022 жылы басталған. Конкурстық құны 290 375, 9 мың теңгені құрайды. Мердігер мекеме – «Андас-групп» ЖШС. Қазіргі таңда ғимараттың қыш қалау, колонналардың каркасын тоқу жұмыстары аяқталып, қабатаралық жабын плиталары орнатылып жатыр. Нысанның ішкі сылақ, электр желілерін тарту, трансформатор, модульды қазандық ғимаратын орнату жұмыстары аяқталған. Құрылыс жұмыстарын аяқтау қыркүйек айына жоспарланған.


Бұдан бөлек, аудандағы Киелітас елді мекенінде Мәдениет үйінің құрылысын бастау үшін конкурс өткізіліп жатыр. Конкрустық құны – 308 349,4 мың теңге. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.


Айта кетейік, аудан аумағында 18 мәдениет ошағы жұмыс істейді. Атап айтсақ, 1 аудандық мәдениет үйі, 6 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб бар. Сонымен қатар 5 халықтық атағы бар ұжым мен 6 ұлттық мәдени орталық қызмет атқарады. Мәдениет саласындағы жалпы 132 қызметкер ауданның мәдениетін дамытуға атсалысып келеді. Мәдениет үйлерінде 107 клуб ашылған. Онда 1454 бала түрлі үйірмелерге қатысады.