Тәуелсіз мемлекетіміздің Көк байрағы биікке көтеріліп, Әнұран шырқалды.
«Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті, ту көтерілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телағараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттытап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына Алғыс хат табыс етті.
Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда Тәуелсіз мемлекетіміздің Көк байрағы биікке көтеріліп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, халқымыздың рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілерге құрмет көрсетілді.
Мерекеге орай, рәміздер керуенін жолға шығарып салып, аудандық ардагелер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев ақ батасын беріп, әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқала берсін деген тілегін жеткізді.
Айта кетейік, 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданып, алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Қазақстан халқы мерекені 24 жылдан бері атап өтіп келеді. Еліміздің мемлекеттік туын жасаумен 600 адам шұғылданып, комиссия қарауына 1200 рәміздер нұсқасы ұсынылған.