ТҮРКІСТАН: Төлебиде Рәміздердің жай-күйін анықтау үшін мониторинг жасалды

0
1 125

Семинарға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары мен ауданның тиісті мекеме басшылары қатысты.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде Рәміздердің жай-күйін анықтау үшін мониторинг жасалды

Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Төлеби ауданында Қазақстан Республикасы мемлекеттік Рәміздерін қолдану, олардың орналасуы туралы семинар өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Семинарға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім басшылары мен ауданның тиісті мекеме басшылары қатысты.
Аталмыш жиында Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Мадина Хангелдиева аудан аумағындағы мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналасуы мен жай күйін анықтауға арналған мониторинг жүргізілгендігі туралы баяндама жасады.

Мадина Хангелдиеваның баяндамасы бойынша, қолданыстағы қызметтік куәліктердің, ескірген рәміздердің жою комиссиясы мен оларды жою актілерінің болуына мониторинг жүргізілген.

Сондай-ақ, мониторингтік жұмыстар кезінде, мекемеге кірген кездегі Тудың, мекеме маңдайшасының бетінде бейнеленген гербтың 3Д форматта болуының, оның әділет басқармасында тіркелген куәлікпен сәйкес келуі, жарықтандырылуы, мекеме ішіндегі рәміздер стендісі мен оның жай күйіне, басшы кабинетіндегі рәміздер және рәміздер бейнесі бар фирмалық бланкілерге, мөрлерге баса назар аударылған.

Семинардың соңында, мемлекеттік мекемелерде рәміздердің тазалығына, тозбауына, түсінің оңбауы мен орналастырылуын жіті қадағалауда ұстау керектікі айтылды.