ТҮРКІСТАН: Төлебиде саумалмен емдейтін орталықтар саны көбейіп келеді

0
1 148

Орталыққа дертіне дауа, жанына шипа іздеп келгендерге төрт мезгіл ас, атпен серуендеуге де мүмкіндіктер қарастырылған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде саумалмен емдейтін орталықтар саны көбейіп келеді

Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орталықтарының саны жыл сайын артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Төлеби ауданында саумалмен сауықтыру орталықтарының саны жыл сайын артып келеді. Соның бірі «Диханкөлдің қымызы» брендімен танылған Қоғалы ауылдық округіндегі екі шипажай ел игілігі жолында қызмет көрсетіп келеді.


Тау баурайының қоңыр салқын таза ауасымен тыныстап, бес мезгіл саумал ішіп, демалуды көздегендер еліміздің әр өңірінен келуде.


Орталыққа дертіне дауа, жанына шипа іздеп келгендерге төрт мезгіл ас, атпен серуендеуге де мүмкіндіктер қарастырылған. Бір мезгілде 25 адам тынығып, ем алатын демалыс орнында емдік өнімді әзірлеу үшін 10-ға жуық бие сауылады.