ТҮРКІСТАН: Төлебиде спорт кешені мен мектеп салынып жатыр

0
733

Әкім жауапты тұлғаларға әрбір жобаға мұқият болуды тапсырды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде спорт кешені мен мектеп салынып жатыр

Төлеби ауданында қос бірдей нысан бой көтеруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Көксәйек елді мекенінде спорт кешені салынуда. Құны – 836 млн. теңгені құрайтын спорт кешенінің аяқталу мерзімі 2024 жыл. Мердігер мекеме – «Корпорация Алем Құрылыс» ЖШС.


Бұдан басқа «Жайлы мектеп» жобасы аясында аудан аумағында Көксәйек елді мекенінде 600 орындықты, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты, Киелітас елді мекенінде 900 орындықты білім ошақтары бой көтеруде.


Облыстық бюджет есебінен Тағайна елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Көксәйек және Қосағаш, Тағайна елді мекендеріндегі мектеп құрылысымен танысқан аудан әкімі бұл нысанның сапасы мен қолданылып жатқан құрылыс материалдарына баса назар аудару қажеттігін жүктеді.


Көксәйек елді мекеніндегі білім ошағының құрылысын мердігер мекеме «Жаңа Арна Құрылыс» жүргізсе, тапсырыс беруші «Samruk Kazyna Construction» АҚ. Ғимараттың жалпы ауданы 8921.9 кв.м, жалпы ауданы 2.04 га жер. Мектепте заманауи талаптарға сай жедел саты (лифт) және пәндік сыныптар қарастырылған.


Қосағаш елді мекеніндегі мектеп құрылысына жауапты «Дос и К» ЖШС. Құрылыс жобаға сәйкес 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жер көлемі 1.97 га.


Аудан әкімі Төлеген Телғараев аудандағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыс сапасын бақылады. Төлеген Телғараев аудан аумағындағы құрылысы жүріп жатқан нысандар өз уақытында ел игілігіне берілуі тиістігін айтып, жауапты тұлғаларға әрбір жобаға мұқият болуды тапсырды.