ТҮРКІСТАН: Төлебиде үш бірдей «Жайлы мектептің» құрылысы басталды

0
608

Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде үш бірдей «Жайлы мектептің» құрылысы басталды

Төлебиде «Жайлы мектеп» жобасы аясында үш мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасымен үш ауысымды, апатты, ескі мектептер мәселесін шешу бағытында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде заманауи мектеп ғимаратының құрылысы жүргізіліп, ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайту көзделген.


Аталған жоба аясында Төлеби ауданында жаңадан 4 мектептің құрылысы жоспарлануда. Атап айтқанда, Достықта – 900 орындық, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық, Бірінші Мамырда – 900 орындық жаңа мектептердің жобалары ұсынылды. Келесі жылы үш мектеп пайдалануға берілсе, ал 2025 жылы бір мектептің құрылысын аяқтау межеленген.


Аудан басшысы Төлеген Телғараев Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде құрылысы басталған нысанның жұмысымен танысып, мердігер өкілдеріне сапалы және уақытылы орындалуын міндеттеді. 900 орындықты білім ордасының құрылысын мердігер «Умирзак» ЖШС жүргізіп жатыр. Тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ. 3.0 га аумақты құрайтын мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.


Қазіргі таңда мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Мұнда қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау және дыбыстық хабарлау жүйелерімен, балаларға арналған жеке шкафтармен және т.б. толық жабдықталатын болады. Аудандағы «Жайлы мектеп» жобасы толығымен жүзеге асқан жағдайда жаңа форматтағы мектептегі оқушылардың білім алуына толық мүмкіндік жасалып, білім сапасы артады деп жоспарлануда.