Өмірзақ Шөкеев өңірде футболдың дамуына айрықша қолдау көрсетіп келеді.
Әйелдер арасындағы чемпионатта да Түркістан өңірінің шоқтығы биік, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістандық «Томирис-Тұран» командасы биыл ел чемпионатында күміс медальға ие болды. Мұның бәрі өңірде футбол федерациясының жемісті жұмыс атқарып жатқанын білдіреді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде футболдың дамуына айрықша қолдау көрсетіп келеді. Қазіргі таңда Түркістанда «Тұран» футбол клубының академиясы салынып жатыр. Жаңа кешенде үлкен және шағын 10 футбол алаңы болады. Мұнда футболды дамытуға барлық жағдай жасалады.