ТҮРКІСТАН: Төрт ауылдың ауызсу жүйелері қайта құрылып жатыр

0
566

Мақтааралдағы 69 елдімекеннің 68-і, яғни 99,9% тұрғындар ауыз сумен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Төрт ауылдың ауызсу жүйелері қайта құрылып жатыр

Мақтаарал ауданында 4 ауылда ауыз су жүйелері қайта құрылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді басты мақсат етіп қойған. Өткен апта аудан басшысы ауыз су жүйелері жаңарып жатқан ауылдарды аралап, нысандардың құрылысымен танысты.


Жалпы, Мақтаарал ауданында 69 елдімекеннің 68-і, яғни 99,9% тұрғындар ауыз сумен қамтылған. Алайда кейбір ауылдарда ауыз су жүйелерінің тозығы жеткен болатын. Қазіргі таңда 4 елдімекенде ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары, 5 елдімекенде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бақыт Насырханұлы нысандардың құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, мерзімі бойынша орындалуын қадағалады.


2021 жылға бюджеттен жалпы 837,4 миллион теңге қаржы қаралып, "Дәнекер" ЖШС тарапынан Атакент кентіндегі 13 көшенің және Береке, Иіржар, Есентаев елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған 4 ауыз су нысандарының 3-еуі биыл пайдалануға берілетін болады.


Айта кетейік, жергілікті бюджеттен 75,8 миллион теңге қаржыға Үлгілі, Табысты, Шұғыла, Мәдениет, Азамат елдімекендерінің ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары да жүргізілуде.