ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайға қарамай жұмыс істеген кафе иесіне айыппұл салынды

0
1 343

Кафе түнгі 22:00-ден кейін де жұмысын жалғастырған.


ТҮРКІСТАН: Төтенше жағдайға қарамай жұмыс істеген кафе иесіне айыппұл салынды

Түркістан облысында төтенше жағдайға қарамастан тұрғындарға қызмет көрсеткен кафе анықталып, иесіне айыппұл салды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол 16-наурыздан бастап 15 сәуірге дейін созылады. Осыған сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген режимде қызмет жасауда. Яғни, күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай режимінің сақталуын қадағалауда ұстауда.

Осындай кезекті рейд барысында Созақ ауданы Шолаққарған ауылында орналасқан кафесінің түнгі сағат 22:00-ден кейін тұрғындарды қабылдап, «Қазақстан Республикасы Президентінің 15.03.2020 жылғы Жарлығының талаптарын өрескел бұзып, қызмет көрсетіп жатқаны анықталды.

Аталған жайтты аудандық полицейлер тіркеп, кафе иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы “Төтенше жағдай режимiн бұзу“ бойынша хаттама түзіп, аудандық соттың қаулысымен кінәлі деп танылып, 10 АЕК 26 510 теңге мөлшерде айыппұл салды.

Облыс полицейлері ойын-сауық, сауда орталықтары мен кафе-бар, тойхана иелеріне ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше сақтық шараларын ескеріп, көп адам шоғырлануына жол бермеңіздер. Қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанған дұрыс екенін ескертеді ТО ПД-нің баспасөз қызметі.