ТҮРКІСТАН: "Туған жерге туыңды тік" марафоны жалғасып жатыр

0
676

Ауылға қамқор болған түлектердің игі істері келешек ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.


ТҮРКІСТАН:

Төлебилік түлектер «Туған жерге туыңды тік» марафонын жалғастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округі, Қайнар елді мекенінің "Қайнар" жалпы орта мектебінің 20 жыл бұрын түлеп ұшқан шәкірттері ыстық ұясына оралып, «Туған жерге туыңды тік» марафонын жалғастырды. Олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына өз үлестерін қосу мақсатында ауылдың атауы жазылған кіреберіс қақпа орнатып, арнайы ашылу салтанатын өткізді.

Игі бастамаға ұйытқы болған жастар, өздерінің бүгінгі жеткен жетістіктері - мектептен алған білімі мен тәрбиенің арқасы деп біледі. Білім ұясынан түлеп ұшқан азаматтар жыл сайын өнегелі іс жасап, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Ауылға қамқор болған түлектердің игі істері келешек ұрпаққа өнеге болары сөзсіз.

Айта кету керек, азаматтық іс жасаған түлектердің балалары да аталған мектепте білім алады. Атаулы шараға ауыл әкімі Мақсат Болысбекұлы, жергілікті ақсақалдар мен тұрғындар қатысып, 2001 жылы мектеп бітірген түлектерге ақ баталарын беріп, алғыстарын жаудырды.