ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында жаңа көпір салынды

0
690

Жұмыс толықтай аяқталған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында жаңа көпір салынды

Түлкібас ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт және мәслихат хатшысы С.Сейсенбаев аудан аумағындағы іске асып жатқан құрылыс нысандарын аралап, сапасын бақылады. Олар алдымен Балықты ауылына табан тіреп, жаңадан соғылған Балықты-Абай бағытындағы көпірдің сапасын бақылады. 2021 жылдың мамыр айында бастау алған нысан құрылысы бүгінгі таңда 100 пайызға аяқталып отыр. Бұл көпір екі жақ шетінде орналасқан қос елді мекен тұрғындарының көптен бері көтеріп жүрген мәселесі еді. Сонымен қатар, көпірді пайдаланушы тұрғындар өтінішіне сәйкес, нысанның қыр жақ беткейіне су ағатын науалар қойылып, көлік жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін қауіпті аймақтарға арнайы қоршаулар орнатылды (колесоотбойный брус).


Бұдан соң аудан әкімі жұмыс сапарын Машат ауылына қарасты Еңбекші ауылында жалғастырды. Бұл жерде аудан басшысы елді мекен орталығынан бой көтеріп жатқан 150 орындық Тұрсынбеков мектебінің құрылыс жұмыстарын бақылады.


Жоғарыда аталып өткен 300 орындық Майлыкент және Тұрсынбеков мектебінің құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Биыл білім мекемелерінің қабырғалары көтеріліп, шатырын жабу жұмыстары жоспарланған.


Аудан басшысы қос мектептің құрылысының сапасы мен бекітілген кестеге сай жүзеге асуын, аудандық құрылыс бөлімінің басшысына тапсырды. Құрылыс заттарын тасымалдау барысы елді мекен көшелеріне залалын тигізбеу керектігін айтып, тасымалдау жұмыстарын ауыл сыртындағы тас жолдармен ұйымдастыруды тапсырды.