6 көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында ауылдардың жолдары жаңарып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 37 шақырымды құрайтын 23 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде аудан аумағындағы елді мекендердің ішкі көшелерінің қанағаттанарлық жағдайы 84 пайызға жақсарады (қазіргі таңда 68 пайыз).
Бүгінде 23 көшенің 6 көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. 5 көше жөнделіп жатыр. Ал, қалған 12 жолдың жөндеу жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, 2021 жылдың қазан айына дейін аяқталады деп жоспарлануда.