ТҮРКІСТАН: Түлкібас өнеркәсіп саласы бойынша көш бастады

0
687

Өндірілген өнім көлемі 10 млрд. 203,8 мың теңгені құраған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас өнеркәсіп саласы бойынша көш бастады

Түлкібас ауданы өнеркәсіп саласы бойынша өңірде көш бастап тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2021 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Түлкібас ауданы аумағындағы өнеркәсіп орындары тарапынан өндірілген өнім көлемі 10 млрд. 203,8 мың теңгені құрап, облыста көш бастап тұр. Бұл жайында аудан әкімі Н.Байғұттың төрағалығымен өткен лездемелік жиында кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ұ.Әлімбаев мәлімдеді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бөлім басшысы шағын кәсіпкерлік субьектілерін несиелендіру, инвестиция тарту бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды қамтып өтті.


Кәсіпкерлік саласынан бөлек лездемелік жиында аудан аумағында коронавирустық инфекциямен күрес, жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер және тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдардың қаралу барысы талқыланды.


Жауапты баяндамашылардан соң мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы коронавирус індетін жұқтыру фактілері азайғаны мен қауіп беті әліде сейілмегенің алға тартты. Көршілес Ресей елінде орын алып жатқан жағдайға тоқталып өтті.


Осы ретте, аурухана бас дәрігері мен тиісті мекеме басшылары және ауыл әкімдеріне егпе егу жұмыстарын жандандыруды тапсырып, аудан әкімдігі жанынан құралған мобильді топтың жетекшілеріне рейдтік шаралар мен насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.


Сонымен қатар, жауапты орынбасары мен кәсіпкерлік бөлім басшысына және ауыл әкімдеріне бекітілген бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тауарларының бағасын ұдайы бақылауда ұстап, барлық ауылдық округтерде әлеуметтік дүкеннің жұмыс істеп тұруын тапсырды.


Одан бөлек, барлық білім беру мекемелерінің жылы болуын үнемі бақылауда ұстауды және электр жарығы өшкен жағдайда афтономды тоқ беру құрылғыларының сақада-сай дайын болуын ескертті. Жауапты бөлім басшысына тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы жауап берілуін қатаң қадағалауды жүктеді.