ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 7000 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылады

0
540

Түлкібас ауданының жалпы жер көлемі – 227 504 гектарды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 7000 гектар жер ортақ жайылымға қайтарылады

Түлкібас ауданында жайылым жерлерді халық игілігіне қайтару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде елімізде жайылым жерлерді ел игілігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы орайда, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, аудандық бюджетің игерілуі мен салық түсімдері және индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы пысықталды.Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат қызметкерлері, дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері және полиция қызметкерлері қатысты.


Қазіргі таңда Түлкібас ауданының жалпы жер көлемі – 227 504 гектарды құрайтын болса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 148 579 және ауыл шаруалығы алқаптарының көлемі – 128 270 гектар. Тиісінше, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж.Керімқұлов өз баяндамасында биылғы жоспарға сәйкес, елді-мекеннің ортақ жайылымына 7000 гектар жайылым жер қайтарылатынын мәлімдеді.


Сонымен қатар, елді-мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жол бойындағы үйлердің қасбетін әктеп-сырлау және оларды күтіп ұстау жөнінде дебаяндамалары тыңдалып, жұмысты жандандыру мәселелері талқыланды.


Өз кезегінде аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы аталған жұмыстардың атқарылу кезеңіндегі олқылықтарды жойып, мәлеселерді тез арада шешуді, тазалық сақтау шаралары бойынша халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, әр апта соңында сенбілікке шығуды жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне тапсырды.