ТҮРКІСТАН: Түлкібаста алма өсіру қарқыны артып келеді

0
1 572

Түлкібас ауданы 2022 жылы бау көлемін 4487 гектарға жеткізуді жоспарлап отыр.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста алма өсіру қарқыны артып келеді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында қарқынды бау отырғызу жоспары толығымен орындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Табиғаты тамаша, таулы өңір Түлкібаста соңғы жылдары алма өсіру қарқыны жоғарылап, жылдан-жылға бау көлемі ұлғайып келеді. Бұған ауданымыздың жанға жайлы климатының да оң әсері бар. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерінің ішінде жеміс-жидек шаруашылығы негізгі даму бағыты ретінде қолға алынған. Өткен жылы жеміс-жидектен 25,150 тонна өнім жиналды. Жиналған өнімнің бір бөлігі аудан көлемінде жұмыс атқарып тұрған жалпы сыйымдылығы 8,9 мың тоннаны құрайтын 6 жеміс-жидек және көкөніс сақтайтын қоймаларды сақталып, республикамыздың барлық жерлеріне экологиялық тұрғыдан таза өнім сатылып, Түлкібас жемістері көпшіліктің оң бағасына ие болды. Түлкібас ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аймақтық бағдарламасына сәйкес, 2022 жылы бау көлемін 4487 гектарға жеткізіліп, оның ішінде қарқынды бау-1000 гектар, өндірілетін өнім көлемін жылына 60-65 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Биыл 250 гектар жерге, оның 50 гектары – қарқынды бау отырғызу жоспары толық орындалды.