ТҮРКІСТАН: Түлкібаста қарқынды бау көлемі артып келеді

0
1 923

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барып, бірнеше нысанды аралап, жұмыстарымен танысты.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста қарқынды бау көлемі артып келеді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түлкібас ауданында жұмыс сапарымен болды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Онда алдымен Балықты ауылдық округіндегі «Кас – Бетон» ЖШС-нің жұмысымен танысты. 2008 жылы жұмысын бастаған серіктестік жылына 500 мың тонна цемент өндіреді. Бүгінде жергілікті халықты тұрақты жұмыс орныменқамтамасыз етуде.

Сапар аясында өңір басшысы Арыс ауылдық округіндегі «Ақсанат инжиниринг» ЖШС-нің туризм және балық шаруашылығы бағытындағы жұмысымен танысты.Серіктестік бүгінде асылтұқымды жылқылар мен бекіре тұқымдас балық түрлерін өсірумен айналысады.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Мөлдір» ЖШС-нің алма бауы мен қойма цехын аралады.Қазіргі таңда қожалықтың жер көлемі – 1 134,4 гектар. Атап айтқанда, 154 гектарға – алма, 210,5 гектар жерге – жүзім, 230 гектарға – дәндік дақылдар, 104,4 га – майлы дақылдар, 491 га – жоңышқа егілген, ал 313,5 га – жайылым жер. 2015 жылы 110 гектар жерге интенсивті бау отырғызылса, 2018 жылы 600 тонна алғашқы өнім жиналған. Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан аймақ басшысы бау көлемін ұлғайтып, жеміс түрін әртараптандыру қажеттігін айтты.

Бұдан соң Өмірзақ Естайұлы Т.Рысқұлов ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы, инфрақұрылым жұмыстары және су тазарту жүйелерімен танысты.Тәулігіне 250 м3 қарқынды суды тазалайтын жобаның жылдық су бұруы - 91 мың м3. Жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі аудандық өңірлердекөпқабатты үйлерден гөрі бағасы қолжетімді жеке тұрғын үй алқаптарын көбейту қажеттігін тапсырды.

Сонымен қатар, өңір басшысы «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізінің Шақпақ ауылындағы қос тунелльдің құрылыс жұмысын көрді. Нысанның құрылысы 2018 жылы басталған.Биыл нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.Тунелльдің жалпы ұзындығы – 860 м. Бүгінгі таңда бетондау жұмыстары 50 пайызға аяқталып отыр. Сол жақ тунелльдің 75 метр алқабы талапқа сай келмегендіктен, қайта жөндеуден өткізілуде. Өмірзақ Естайұлы туннель жұмысын қарқындатып, нысанды уақытылы тапсыру қажеттігін тапсырды.

Сапарда аймақ басшысы «Кентау» ЖШС-нің алма бауы және қоймасына аялдады.Алма сұрыптарымен танысқан аймақ басшысы бау мен өнім көлемін арттыруда мемлекеттік көмек көрсетілетінін баяндап, жиналған өнімді қайта өңдеу жұмыстарына көңіл бөлу қажеттігін айтты.