​ТҮРКІСТАН: Түлкібаста таңқурай шаруашылығын дамыту қолға алынды

0
2 090

Алматылық уәсіпкер 50 гектар жерге таңқурай екпек.


​ТҮРКІСТАН: Түлкібаста таңқурай шаруашылығын дамыту қолға алынды

Түлкібас ауданында таңқурай шаруашылығын дамыту мақсатында жүйелі шаралар іске асуда. Осыған орай аудан әкімі Н.Байғұт ауылшаруашылық бөлім басшысы мен таңқурай егуге қызығушылық танытқан аудандық кәсіпкер Е.Байжанов пен таңқурай егуді көп жылдан бері кәсіпке айналдырған Алматы облысының азаматы Б.Айымбетовты қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудандық кәсіпкерлермен таңқурай егу бойынша келісім-шарт түзу мақсатында Алматы облысынан арнайы келген ЖК «Абишевтің» өкілі Бауыржан Айымбетовтың айтуынша,Түлкібас ауданының таңқурай шаруашылығын дамытуға климаты өте ыңғайлы, жеріде өте құнарлы. Сондай-ақ, ауданда жергілікті әкімдік тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету жағы да жоғарғы деңгейде. Осыған байланысты аудандық кәсіпкерлермен таңқурай шаруашылығын дамыту мақсатында іс-тәжірибемен алмасуға дайын екенін жеткізді.

Аудан әкімі қабылдау соңында таңқурай жемісі ең табысты ауылшаруашылық өнім түрі екенін нақты мы-салдармен келтіріп, аудан аумағында жемістің осы түрін дамыту мақсатында маусым айына дейін алма-тылық кәсіпкермен кемінде 50 гектар жерге келісім-шарт түзуге жұмыс жүргізуді тапсырды.

Айта кетейік, таңқурай жемісі таулы аймақтарда өсуге бейімделген. Осыны ескерген облыс әкімі Ө.Шөкеев табиғатының қолайлығына қарай облысымыздың таулы аудандарына таңқурай шаруашылығын дамытуды тапсырған болатын.