ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы жәрмеңкеде азық-түлік төмен бағада сатылды

0
738

600 келі ет пен балық және 200 литрден астам сүт өнімдері халыққа ұсынылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібастағы жәрмеңкеде азық-түлік төмен бағада сатылды

Түлкібас ауданында азық-түлік жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Алтын күз-2021» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарлары жергілікті тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды. Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді. Аталған іс-шараға аудан әкімі Н.Байғұт қатысып, сауда қатарларын аралады.


Жәрмеңкенің мақсаты – шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну. Ашық алаңда өткізілген іс-шарада карантиндік талаптар сақталды. Жәрмеңке барысында 23,1 тонна ауыл шаруашылығы өнімі арзан бағада сатылды. Оның ішінде 22 тонна картоп пен көкөніс, 300 келі қарбыз, 600 келі ет пен балық және 200 литрден астам сүт өнімдері халыққа ұсынылды.