Таңдаулы 8 командасы жылдың үздіктерін анықтады.
Талдықорғандағы волейболдан Қазақстан Республикасының ХХХ чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Талдықорған қаласында волейболдан ерлер арасында жоғары лига командалары арасында Қазақстан Республикасының ХХХ чемпионаты өз мәресіне жетті. Еліміздің таңдаулы 8 командасы жылдың үздіктерін анықтады. Кіл мықтылар күш сынасқан додада Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран-Динамо» командасы сенімді ақтады.
Құрылғанына көп уақыт бола қоймаса да чемпионатта жоғары ойын өрнегін көрсеткен түркістандықтар екінші орынға ие болды. Жетісу төріндегі ел чемпионатында «Тұран-Динамо» командасы 7 кездесу өткізіп, 6 ойында жеңіске жетіп, 1 ойында жеңіліс тапты.
Енді киелі шаһардың волейболшылары келесі маусымда бас жүлде алу үшін күресетін болады. «Тұран» спорт ойын түрлері клубына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жоғары деңгейде қолдау көрсетіп келеді. Клуб құрамында бірнеше спорт түрін дамыту қолға алынған.