ТҮРКІСТАН: Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасымен кездесу өтті

0
553

Тақырып - «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны».


ТҮРКІСТАН: Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасымен кездесу өтті

Түркістанда Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісінің төрағасымен кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы, профессор, доктор Нуман Куртулмуштың қатысуымен «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің орны» тақырыбында кездесу өтті.


Жиынға Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы бастаған Түркияның мемлекет қайраткерлері, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, университеттің Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек пен ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова бастаған басшылық құрам, оқытушы-профессорлар мен қызметкерлері және түркі елдерінен жиылған студенттер қатысты.


Халықаралық қазақ-түрік университетіне арнайы келген қонақтар, ең алдымен, «Атамекен» ұлт-аспаптар ансамблінің өнерін тамашалап, «Түркі дүниесі тарихи панорамалық» мұражайын аралады және университеттің лебіздер кітабына өзіндік қолтаңбасын қалдырды.


Бұдан әрі негізгі жиын басталып, алғашқы сөз тізгінін алған университеттің Өкілетті Кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшек:


«1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Дәл осы Ұлы Ұлттық Мәжіліс парламентінде Түркия Республикасы бауырлас мемлекеттің тәуелсіздігін алғаш болып мойындады. Бұл өте керемет көрініс еді! Осы оқиғадан кейін, біршама ай өткен соң, қос елдің бауырластығы мен ынтымақтастығы нәтижесінде халықаралық университетіміз құрылды. Қазіргі таңда 90 мыңнан астам түлегіміз дүниенің әр бөлігіне тарап, түркі әлемінде өте маңызды лауазымдарда қызмет етіп жүр» - деген ол халықаралық оқу орнының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы қысқаша ақпарат берді.