ТҮРКІСТАН: Украиналық көз дәрігері тәжірбиесімен бөлісіп жатыр

0
2 642

Киевтен келген көз дәрігері түркістандық әріптестеріне мастер класс көрсетіп, 5 науқасқа ота жасайды деп күтіліп отыр.


ТҮРКІСТАН: Украиналық көз дәрігері тәжірбиесімен бөлісіп жатыр

Украинадан арнайы шақырылған көз дәрігері Түркістан облысының науқастарына ота жасап, жергілікті мамандармен біліктілігімен бөлісуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастырумен Облыстық клиникалық ауруханасының офтальмологиялық бөлімшесінде «Офтальмопластика» тақырыбында екі күндік мастер класс басталды. Киев қаласынан арнайы шақырылған м.ғ.д. профессор Оксана Петренко әр түрлі көз жарақатын алған науқастарға ота жасауда. Тәжірибесімен бөлісуге келген шетелдік маман офтальмологиялық бөлімшенің техникалық базасын да, жергілікті дәрігерлердің біліктілігін де жоғары бағалады.


Офтальмопластика – бұл көз мүшесінің және оның қосалқы аппаратының анатомиялық және функционалды кемістігін қайта орнына келтіруге бағытталған пластикалық хирургияның бір бөлімі болып табылады.

Қабақтарға, конъюнктива қуысына және орбитаға жасалынатын пластикалық операциялар офтальмологияның маңызды бөлімі болып есептеледі. Себебі, бұл операцияларға қажеттілік көбеюде, ал дефектілерді түзеу улкен офтальмохирургиялық тәжірибені, арнайы құрал-жабдықтарды, тігіс материалдарды және михрохирургиялық әдісті қолдану арқылы операцияларын жоспарлауда және орындауда жаңа тәсілдерді талап етеді.

Мастер класс аясында күйік жарақатын алған, көз қуысына ет өскен азаматтарға 5 операция жасау жоспарланған. Сондай- ақ шетелдік профессор көз дәрігерлеріне семинар өткізіп, тәжірибесімен бөліседі. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының офтальмологиялық бөлімшесінде жыл сайын 2500 - ға жуық ота жасалады. Алдағы уақытта жаңа қондырғылар сатып алып, жергілікті дәрігерлерді алыс- жақын шет мемлекеттерге дәріс алуға жіберу жоспарланған.