ТҮРКІСТАН: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді

0
745

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, 531 тыл еңбек ардагері өмір сүреді.


ТҮРКІСТАН: Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қала әкімі Рашид Аюпов пен қала әкімі аппаратының басшысы Қадырболат Мұсағалиев Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен түркістандық ардагерлерді құттықтап, алғыс білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бізге осылай бейбіт ғұмыр сыйлап, елге қызмет етіп, Отан қорғағандарыңызға мың алғыс. Сіздерге не берсек те жарасады. Өйткені, ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз еш нәрсемен өлшенбейді", - деген Рашид Абатұлы қала әкімдігімен қоса, өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің құттықтауын жеткізді.
Ардагерлердің ең жасы үлкені 99 жаста. Қарттар да өз кезегінде қала әкімі мен әкімдік қызметкерлеріне еңбектеріңіз жемісті, ғұмырларыңыз баянды болсын деп тілек айта келе, бастан өткерген оқиғалармен бөлісті. Жеңіс оңайлықпен жетпегенін баяндады.
Жалпы, қазіргі таңда Түркістан қаласында 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, 531 тыл еңбек ардагері, 21 қайтыс болған ҰОСМ әйелдері, 344 ҰОСҚ теңестірілгендер бар. Биыл Ұлы Отан соғысының 76 жыллығына орай ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 1000000 теңгеден, қайтыс болған ҰОСМ әйелдеріне (21 адамға) 30000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне (531 адамға) 30000 теңгеден, сондай-ақ 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай 344 ҰОС ардагеріне теңестірілгендерге 72 925 теңгеден сый ретінде берілді.