ТҮРКІСТАН: Үшем дүниеге келді

0
610

2 қыз, бір ұл босанды.


ТҮРКІСТАН: Үшем дүниеге келді

Түркістан облысының 33 жастағы тұрғыны үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының №2 перинаталдық орталығында 33 жастағы келіншек үшемді дүниеге әкелді.


Мерзіміне жетпей толғағы басталғандықтан білікті дәрігерлердің қатысуымен әйелге жедел ота сәтті жасалған болатын.


Халметова Шахла №2 облыстық перинаталдық орталығында 2 қыз, бір ұл босанды.


Жаңа туған нәрестелерге Шукрона, Юсуф, Ифара есімдері берілді. Нәрестелердің салмағы екі келі салмаққа жуық. Мерзімінен ерте туған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.


Медицина қызметкерлерінің көмегімен балалардың жағдайы тұрақты. Анасы мен сәбилері перзентханадан шықты.