ТҮРКІСТАН: Вьетнамда жұмыс істеп келген адам карантиннен қашып кеткен

0
1 936

Ол ата-анасының үйінен ұсталды.


ТҮРКІСТАН: Вьетнамда жұмыс істеп келген адам карантиннен қашып кеткен

иллюстрациялық фото

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен ер адамға қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласының тұрғыны Вьетнам елінде жұмыс істеп келген. Коронавирустың салдарынан елге қайтпақ болған ол Мәскеу арқылы Алматы қаласына 10 наурызда ұшып келген. Осы рейспен келген жолаушылардың арасында бір адамда коронавирус анықталған. Осыған байланысты Арыс қаласының жедел жәрдем қызметімен ер адам Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына карантинге жатқызылған. Бірақ тәртіпке бағынғысы келмеген ол карантиннен қашып белгісіз жаққа кетіп қалған.

Тәртіп сақшылары карантиннен қашқан азаматты Арыстағы ата-анасының үйінен ұстады. Жедел жәрдем қызметімен қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

"Бұл жайт ҚР ҚК-нің 304-бабы "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда," - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.