ТҮРКІСТАН: Вице-министр облыстың бас дәрігеріне жоғары баға берді

0
2 588

Мәртебелі қонақтар аурухананың жұмысына, техникалық жабдықталуы мен ақ халаттылардың біліктілігіне жоғары баға берді.


ТҮРКІСТАН: Вице-министр облыстың бас дәрігеріне жоғары баға берді

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева іссапармен Түркістан облысының медициналық мекемелерінің жұмысымен жіті танысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ДСМ-нің вице-министрі Ләззат Мейрашқызы Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов пен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевпен бірге Облыстық клиникалық аурухананы аралап, ондағы жұмыс барысымен танысты. Мәртебелі қонақтар аурухананың жұмысына, техникалық жабдықталуы мен ақ халаттылардың біліктілігіне жоғары баға берді. Вице-министр облыстың бас дәрігері Мұқан Егізбаевтың өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытуда зор үлес қосып келе жатқанын алға тартып, еңбегін жоғары бағалады.
Жұмысшы топ құрамында келген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлігі Ләззат Ақтаева және Медициналық сақтандыру басқармасының басшысы Айбатыр Жұмағұлов екі күнде Түркістан облысының бірқатар медициналық нысандарын аралады. Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мұқан Егізбаев бірнеше аурухана, емхана және перзентханаларды аралап шығып, ондағы жағдаймен танысты.