ТҮРКІСТАН: "ЮНЕСКО" сарапшылары кесене аумағын дамытуды қолдады

0
1 202

48 сарапшы іске асып жатқан жұмыстардың оң бағытта екендігіне қолдау білдірді.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан қаласының әкімі ЮНЕСКО-ның сарапшыларымен байланысқа шықта, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті мүшелерімен онлайн бейнебайланыс жасады. Түркістанның ең құнды жауһары - Қ. А. Ясауи кесенесіндегі әр жоба және қайта жаңғырту жұмыстары ЮНЕСКО назарында. Сол себепті кесене жағдайы әлемдік сарапшылар мен архитекторлар бас қосып, биыл Қытай Халық Республикасында өтетін 44 сессия алдындағы күн тәртібіндегі мәселе болған.

Атап айтсақ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымының Бүкіл әлемдік мұра комитетінің Азия және Тынық мұхиты өңірі бөлімінің басшысы, Халықаралық деңгейдегі сарапшы Фенг Джинг төрағалығымен өткен бейнебайланыс 3 сағатқа созылды. Онда Түркістан қаласының мүмкіндігін тиімді пайдалану, Қ. А. Ясауи кесенесін айналасын әлемдік мұра ретінде қайта жаңғырту тақырыбы көтеріліп, қатысқан 48 сарапшы іске асып жатқан жұмыстардың оң бағытта екендігіне қолдау білдірді.