ТҮРКІСТАН: Заңсыз балық пен қоян аулағандар ұсталды

0
1 251

Браконьерлерден балық, қоянның еті, жарықтандырғыш және басқа да айғақты заттар тәркіленген.


ТҮРКІСТАН: Заңсыз балық пен қоян аулағандар ұсталды

Түркістан облысының полицейлері "Браконьер" жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз ауланған 15 келі балық пен қоянның етін тәркіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 30- қаңтарында Келес АПБ-нің қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың алдын алуға және анықтауға бағытталған "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Полиция қызметкерлері кезекті рейд кезінде Келес ауданының тұрғынын ұстады. Браконьерден 15 келіге жуық балық пен балық аулау құралдары тәркіленді.
Аталған жайт ҚР ҚК 335-бабы "балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Тағы бір браконьерлік дерегі Арыс ауданында анықталды. "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Көксарай су қоймасының жанында тәртіп сақшылары Арыс ауданы тұрғынының "Митцубиси" автокөлігін тоқтатқан.
Полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, браконьерден 2 бас қоянның етін, жарықтандырғыш және басқа да айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта Арыс АПБ-де осы браконьерлік жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 6- қаңтары мен 5-ақпан күндері аралығында Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Оның негізгі мақсаты-табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, браконьерлік, балық ресурстарын заңсыз аулау, ағаш кесу және басқа да тәртіп бұзушылықтардың алдын алу.
Дереккөз:ТО ПД-нің баспасөз қызметі