ТҮРКІСТАН: Жаңа өзгерістер – заман талабы

0
934

Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін өзге де заңдарының ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.


ТҮРКІСТАН: Жаңа өзгерістер – заман талабы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексі 2020 жылғы 29 маусымда қабылданады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Соның ішінде, арнайы атап кетерлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік процестік кодексінің 2020 жылғы 29 маусымда қабылдануы.

Кодекстің мақсаты – азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға белсенді қатысуына, жоғары тұрған органдар мен сотта билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік беретін кепілдемелер жиынтығын жасау болып табылады.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы Кодекс және еліміздің өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін өзге де заңдарының ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады»,-дейді Бәйдібек аудандық сотының төрағасы Е.Қарақұлов.