ТҮРКІСТАН: ​Жапонияның елшісі Кентауға келді

0
1 187

Қала күні мерекесіне орай Кентауда "Кентау полиметалл" ЖШС ашылды. Сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді.


ТҮРКІСТАН: ​Жапонияның елшісі Кентауға келді

Кентау қаласының 64 жылдық мерекесіне Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Танцухико Касай арнайы келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Елші қаладағы «Кеншілер» саябағында Жапон әскери тұтқындарына арналып салынған мемориал ескерткішінде болып, еске алу рәсіміне қатысты.
Қала күні мерекесінде қала тұрғындарын құттықтап, киіз үйдегі қазақтың ұлттық тағамынан дәм татты.
Қала күні мерекесіне орай Кентауда "Кентау полиметалл" ЖШС ашылды. Мұнда түрлі-түсті металдар кені байытылады. Сондай-ақ, көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілді.
Мерекелік шаралар Ынтымақ алаңында жалғасын тапты. Онда қаланың қалыптасуы мен әлеуметтік –экономикалық, мәдени дамуына үлес қосқан азаматтарға «Кентау қаласының Құрметті азаматы" атағын берілді. Ал, қызмет бабында үздік деп танылған жандар қала әкімі мен қалалық мәслихаттың алғыс хатымен марапатталды.
Кешкісін қала тұрғындары гала-концерт пен от шашуды тамашалады.