Конституцияны сақтауға, халыққа адал қызмет етуге ант берді.
Сауран ауданының жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сауран ауданының мемлекеттік қызметке қадам басқан жас мемлекет қызметшілері ант қабылдады. Рәсімді аппарат басшысы Д.Құдияров жүргізіп, жас мамандардың алдағы қызмет жолына сәттілік тіледі.
Жаңадан құрылған ауданның жас мемлекет қызметшілері Қазақстан халқы алдындағы өзінің биік жауапкершілігін сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халыққа адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант берді.