ТҮРКІСТАН: «Жасыл ел» еңбек жасақтары тазалық іс-шараларына белсенді қатысып жатыр

0
524

1 жасақта 50-ден аса жас жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: «Жасыл ел» еңбек жасақтары тазалық іс-шараларына белсенді қатысып жатыр

«Жасыл ел» еңбек жасақтары Созақты ажарландыруға үлес қосып жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары тазалық іс-шараларына белсенді қатысуда.


Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасақтары құрылған болатын. Мұндағы мақсат – жастардың демалыс уақытында бос жатпай, еңбек етіп, жалақы табуы ғана емес, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы.


Қазіргі таңда «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарында Созақ жастары экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу, айналаны қоқыстан тазартып, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау, еңбекке баулу шараларына белсене атсалысуда.


Бүгінде Созақ ауданында 1 жасақта 50-ден аса жас жұмыс істейді. Олардың әрбірі арнайы формамен, құрал-жабдықтармен қамтылған.